Қазақстанның Ұлттық банкі Мәжіліс депутаттарының базалық ставканы 10-12 пайызға төмендету туралы сұрауына жауап берді. Бұл шара инфляциямен күресуге бағытталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Депутаттық сұрауға берілген жауапта базалық ставканың төмендеуі ауыр салдарларға әкелетіні айтылған.
"Егер ставка инфляция мен азаматтардың, кәсіпорындардың және қаржы ұйымдарының күтулерінен төмен болса, қазіргі уақытта 32,0 триллион теңге (жалпы депозиттер портфелі 41,3 триллион теңге) құрайтын теңгедегі салымдар олардың төмен депозиттік ставкалардан туындайтын тартымдылығының төмендеуі аясында едәуір қысқарады", - делінген Ұлттық банктің жауапында.
Нәтижесінде, Ұлттық банкте атап өткендей, адамдар тауарлар мен қызметтерді тездетіп сатып ала бастайды, бұл бағалардың одан әрі өсуін күтумен байланысты. Валюта активтеріне ақша аударымдары, банктік жүйеден депозиттердің кетуі, қолма-қол ақша көлемінің артуы, бағалардың және валюта курстарының күтілген өсуіне байланысты ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу, соның ішінде жылжымайтын мүлікке сұраныс артады.
"Жылжымайтын мүлік нарығына ақша ағымы, сөзсіз, бағалардың өсуіне әкеледі, бұл мемлекет тарапынан тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша барлық күш-жігерді дерлік жояды және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын құнсыздандырады. Өз кезегінде, тұтынушылық белсенділіктің нәтижесінде импорттың артуы валюталық нарыққа қысым көрсетеді, себебі тұтыну тауарларының басым көпшілігі (тұрмыстық техника, телефондар және т. б.) шетелден әкелінеді", - деп түсіндірді Ұлттық банкте.
Валюта бағамының әлсіреуі мен валюта салымдарының артуы долларлану деңгейінің төмендеуіне ұзақ мерзімді трендті бұзады және валюталық дағдарысқа әкелуі мүмкін, оның барысында депозиттердің долларлану деңгейі (2016 жылдың қаңтарында 70 пайыз) бұрынғы максимум деңгейіне жетуі ықтимал.
"Ұлттық валютаның әлсіреуі мен инфляцияның өсуі азаматтардың әл-ауқатына қатты әсер етеді. Ең алдымен, жинақтары жоқ және айлық жалақымен өмір сүретін адамдар зардап шегеді. Бизнесте де қиындықтар туындайды: жоғары инфляция есептеулерді болжамсыз етеді, инвестициялар мен сатып алуларды жоспарлауды қиындатады", - деп атап өтті Ұлттық банкте.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Қазақстанның Ұлттық банкі базалық ставка бойынша кезекті шешім қабылдады. Ол бұрынғы деңгейде 15,25 пайыз жылдық мөлшерлемемен сақталды, +/-1 пайыздық пункттік диапазонмен.
