Патрульдік полиция қызметкері Алматы облысында автокөліктің астында қаза тапты. Оқиға орнынан видео әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы облысының полиция департаменті 20 желтоқсанда Toyota Camry жүргізушісінің Алматы - Өскемен автожолының 42-ші шақырымында мұзды жолда басқаруды игере алмай, облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторына соққанын хабарлады. Содан кейін инерция бойынша Hyundai Elantra қызметтік көлігімен соқтығысты. Жол апатының нәтижесінде полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты.
"Облыстық департамент қызмет барысында қаза тапқан полицейдің отбасына терең көңіл айтады",- деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты мас күйінде болған өлімге әкеп соққан ЖКО үшін полиция майорының үкімін шығарған еді.
Маңызды жаңалықтарды WhatsApp-ыңызда алу үшін мұнда басыңыз