Дәрігерлер COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасы енгізілгеннен кейін күтпеген жанама әсерді анықтады: түсіндірілмейтін гигантомастия, яғни әйелдің сүт бездерінің шамадан тыс ұлғаюы, деп хабарлайды Tengrinews.kz PubMed-ке сілтеме жасап.
Pfizer/BioNTech COVID-19 препараты енгізілгеннен кейін бір аптадан соң әйелдің сүт бездері ұлғайды. Екінші дозаны алғаннан кейін әйелдің сүт бездері одан әрі үлкейе түсті.
“COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейін сүт бездерінің шынайы паренхиматозды өзгерістері өте сирек кездеседі. Псевдоангиоматозды стромальды гиперплазиямен (PASH) байланысты гигантомастия жағдайлары да сирек. Бұл жағдай туралы есепте пациентте екі жағдай да байқалды”, – деп хабарлады ғалымдар.
Нәтижесінде дәрігерлер сүт бездерін хирургиялық жолмен кішірейтуге мәжбүр болды.
COVID-19 вакцинасы, PASH және сүт бездерінің гипертрофиясы арасындағы байланысты түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет, дейді ғалымдар.
Ақпаратты АҚШ пластикалық хирургтар қоғамы Ұлттық медицина кітапханасында жариялады.
Ең маңызды жаңалықтарды WhatsApp-та алу үшін мұнда басыңыз