Ақтөбеде белгісіз біреу қызды кепілдікке алды. Оқиға орнына полиция, қала прокуроры және жедел қызметтер келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы жеке үйлердің біріне белгісіз адам кіріп, қызды кепілдікке алды. Мүмкін, үй иесін. Төтенше жағдай туралы ақпарат полиция департаменті тарапынан расталды.
"102 пультіне белгісіз біреудің жеке үйге кіріп, қызды кепілдікке алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер жедел аттанды, аудан қоршауға алынды. Оқиға орнында полиция департаментінің бастығы, қала прокуроры бар, келіссөздер жүріп жатыр", – деп хабарлады ведомство.
Instagram-дағы осы жарияланымды қарауАқтөбе Лайв Жаңалықтар Новости (@aktobe_live) жарияланымы
Әлеуметтік желілерде куәгерлерге сілтеме жасап, кепілде бірнеше адамның бар екендігі хабарлануда. Бірақ полиция бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Басқа мәліметтер әзірге белгісіз.
Ең маңызды жаңалықтарды WhatsApp арқылы алу үшін мұнда басыңыз