Ең қымбат және сирек металл – калифорний, оның бағасы бір грамы үшін бірнеше ондаған миллион долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы РИА Новости-ке "Финам Менеджмент" компаниясының жетекші сарапшысы Дмитрий Баранов айтты, Tengri Life хабарлайды.
Калифорнийдің жоғары бағасы оның сиректігі мен алу қиындығымен анықталады.
"Бұл жасанды синтезделген металл, оны жыл сайын шын мәнінде түйіршіктермен өндіреді, мұны ядролық реакторда кюрийді ұзақ уақыт бойы сәулелендіру арқылы жасайды, содан кейін калифорнийді алынған өнімдерден химиялық әдіспен бөліп алады", – деді сарапшы.
Барановтың айтуынша, калифорний атомдық салада – ядролық медицинада (сәулелік терапия) және материалдарды зерттеуде қолданылады. Ол бұл металды Ресей мен АҚШ-та өндіретінін қосты.
Дүниежүзіндегі ең арзан металл ретінде сарапшы темір мен оның қорытпаларын – болат пен шойынды атайды.
"Темір қорытпалары өнеркәсіпте де, тұрмыста да кеңінен қолданылады, олар күрделі жабдықтардан бастап, тұрмыстық заттарға дейінгі көптеген тауарларды өндіру үшін пайдаланылады", – деп нақтылады ол.
Темір темір рудасынан алынады, оны домна пештерінде қайта балқыту арқылы, алдымен шойын, содан кейін одан болат шығарады. Темір рудасының көпшілігі Австралия, Бразилия, Қытай және Ресейде шоғырланған, ал әлемде болатты бірнеше ондаған мемлекет өндіреді, деп атап өтті сарапшы.
"Дүниежүзінде темірге сұраныс экономикалық жағдайға, шикізат бағасына, басқа тауарлар мен қызметтерге байланысты, бірақ темірден жасалған өнімдер әрқашан сұранысқа ие болғандықтан, ол тұрақты түрде қажет, бұл оның бағасына да әсер етеді", – деп қорытындылады Баранов.