Көлік полициясы департаменті Астанадағы ескі вокзал маңында 14 ақпанда түнде болған күшті жарылыс туралы мәліметтерді хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Мәліметтер бойынша, 00:25-те Астана станциясының сұрыптау паркіне келген контейнерде жарылыс болды. Зардап шеккендер жоқ. Бір адам қолынан жеңіл жарақат алған. Жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп жоқ.
“Бұл факті бойынша көлік полициясы департаментімен қылмыстық іс қозғалды, “Теміржол көлігінің қауіпсіздігі ережелерін бұзу” бап бойынша. Оқиға орнына дереу департамент басшылығы шықты. Барлық жағдайларды анықтауға кіріскен арнайы оперативтік топ құрылды”, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 14 ақпанда түнде ескі вокзал маңында күшті жарылыс болды. Куәгерлердің әлеуметтік желілердегі хабарламалары бойынша, жарылыс толқынын маңайдағы тұрғындар сезінген. Кей жерлерде тіпті терезелер шытынаған.
КТЖ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, контейнерде жүк - электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған.
