informkz.com

Қазақстандағы санаторийлер мен курорттар кімге тиесілі?

Статистика бюросы Қазақстандағы курорттар мен емдеу мекемелерінің меншік нысандары туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Кто является владельцем санаториев и курортов в Казахстане?

Статистика бюросы Қазақстандағы курорттар мен емдеу мекемелерінің меншік нысандары туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Tengri Travel.

300-ден астам қазақстандық курорттың 288-і (86,5 пайыз) жекеменшік, 44-і (13,2 пайыз) мемлекеттік, 1-і (0,3 пайыз) шетелдік меншікке тиесілі.

Мемлекеттік санаторийлердің ең көп саны Қызылорда облысы мен Алматыда орналасқан. Жекеменшік жағынан Түркістан облысы мен Шымкент алда келеді, ал бір ғана шетелдік санаторий Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Қызықтысы, 41 санаторий жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың соңында Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда қандай жаңа курорттардың ашылатынын хабарлады.

Бұған дейін Алматыдағы "Қазақстан" санаторийі мемлекетке қайтарылғаны белгілі болды. Айта кетейік, Туризм комитеті Боровое курорттық аймағында туризмді дамыту жоспарын әзірледі.

TengriTravel