Костанай облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін заңсыз зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тінту барысында құқық қорғаушылар дайын психотропты зат "метедронның" шамамен 2 килограммын, сондай-ақ есірткі өндіруге арналған зертханалық жабдықтар мен прекурсорларды тәркіледі.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Психотропты заттарды өндіру кезінде екі қазақстандық ұсталды. Екеуі де сот санкциясымен қамауға алынды.
"Есірткі құралдарын, психотропты заттарды, олардың аналогтарын заңсыз өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, сату немесе жіберу бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Бұған дейін Ақмола облысында нарколаборатория жойылған болатын. Есірткі құралдарының кезекті партиясын өндіру кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды.
Маңызды жаңалықтарды WhatsApp-қа алу үшін мұнда басыңыз