Қазақстандық Артем Антропов Манамада (Бахрейн) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Штангист 102 килограмдық салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты.
«Рывок» кезеңінде Антропов 170 килограмды көтерді. «Толчок» кезінде оның көрсеткіші 230 килограмды құрады. Жалпы алғанда, Артем 400 килограмды көтерді.
Екінші орын Катардан келген Ибрахим Фарес Эльбахқа тиесілі — 399 (174+225) килограм. Үшінші орын Испаниядан келген Маркос Руис Веласкоға берілді — 395 (183+212) килограм.
Айта кету керек, Қазақстан командасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Алексей Чуркин 81 килограмдық салмақ дәрежесінде «күміс» медаль жеңіп алса, Нургиса Адилетулы (96 килограмға дейін) әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.