2024 жылы Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 24,45 трлн теңгені құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты өсім 4,6 пайыздық тармаққа жылдамдап, 9,8%-ға жетті. Ағымдағы қарқын 2013 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды DATA HUB , Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.
«2024 жылдың алғашқы жеті айында өсім салыстырмалы түрде орташа болды: жылдық орташа қарқын 5,8%. Алайда, кейінірек ол жылдамдық алып, қазанда 19,3%-ға жетті. Бұл соңғы алты жылдағы ең жоғары мәндердің бірі, ал басқа жылдардан айырмашылығы (өсім – Ред.) төмен базаның әсерімен байланысты емес», - делінген хабарламада.
Сарапшылардың айтуынша, 2024 жылдың соңғы екі айы да «сәтті» өтті: қарашада 14% және желтоқсанда 13,3% өсім байқалды.
«Ағымдағы динамикада маңызды рөлді Алматы (бөлшек сауда көлемінің 34%) және Астана 13,2% көрсеткішімен атқарды. Бірінші жағдайда өсім 6,4 пайыздық тармаққа, 12,8%-ға дейін жылдамдаса, екінші жағдайда 7,8 пайыздық тармаққа, 10,5%-ға дейін артты. Екінші жағынан, бөлшек сауданың өсуіне азық-түлік тауарларын сатудан түскен кірістің 9,1%-ға артуы оң әсер етті. Бұған дейін ол екі жыл қатарынан төмендеген болатын», - деп хабарлайды сарапшылар.