Қазақстанның кейбір аймақтарында бензин мен газ бағасы көтерілді. 15 - 16 ақпан күндері Tengrinews.kz тілшілері бірнеше аймақтағы автожанармай бекеттеріндегі ұсыныстарды зерттеді.
Қаңтарда Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағаларын мемлекеттік реттеуді ресми түрде алып тастады. Бұл бұйрықты энергетика министрі қол қойды. Ол 30 қаңтарда түнгі 00:00-де күшіне енді.
Нұр-Сұлтан
Елордада кейбір жанармай бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің бағасы 265 тенгеден 268 тенгеге көтерілді. Дегенмен, өткен айда кейбір АЗС-те бензин бағасы 273 тенгеге дейін жеткенін атап өткен жөн. АИ-92 маркалы бензин 205 тенгеден 207 тенгеге көтерілді. Актуалды бағалар төменде көрсетілген.
0Фото: Tengrinews.kz
Алматы
Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы бұрын 205 тенге деңгейінде болған. Бүгінгі таңда кейбір АЗС-те осы маркалы бензиннің бағасы өзгермеген. АИ-95 бұрын 270 тенге шамасында сатылды. 15 ақпанда Алматыдағы бір жанармай бекетінде бағасы 280 тенгеге жетті.
1Фото: Tengrinews.kz
Қарағанды
Қарағандыда қазіргі уақытта бензиннің бағасы 2-3 теңгеге көтерілді.
2Фото: Tengrinews.kz
АИ-92 қаңтарда 205 тенге болса, қазір 207 теңге. АИ-95-тің бағасы 263 теңгеге жетті.
3Фото: Tengrinews.kz
Қарағандыдағы көпшілік АЗС-тер ескі бағаларды сақтап отыр.
Семей
Семейде АИ-95 қаңтардың соңында 250-260 теңге болды. Актуалды бағалар төменде.
4
5
6Фото: Tengrinews.kz
АИ-92 бірнеше теңгеге көтерілді.
Қостанай
Қостанайда АЗС-тер ескі бағаларды сақтап отыр: АИ-95 үшін 255-258 теңге, АИ-92 үшін 204-205 теңге.
7
8Фото: Tengrinews.kz
Талдықорған
Талдықорғанда кейбір жанармай бекеттерінде ГСМ бағасы өзгеріссіз қалды.
9Фото: Tengrinews.kz
Алайда кейбір АЗС-терде ең танымал АИ-92 маркалы бензин 2-3 теңгеге көтерілді.
0
1Фото Tengrinews.kz
Естеріңізге сала кетейік, энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдары (ГСМ) бағаларын кезең-кезеңімен либерализациялау жоспарларын жариялаған болатын, бұл көрші елдермен баға айырмасын жою және "сұр" экспорттың тәуекелін минимизациялау үшін қажет. Кезең-кезеңімен либерализация бағалардың көтерілуіне алып келеді, бірақ қазақстандық билік әлеуметтік осал топтар мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге уәде берді.
ГСМ бағаларының қаңтардың соңында басқа аймақтарда қандай болғанын осында оқи аласыз.
