Алматыда сот сатирикалық QazNews24 паблигінің авторы Темірлан Енсебекті екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы редакциямызға оның адвокаты Жанара Балғабаева айтты.
"Бүгін сот өтіп, алдын ала тергеу мерзімінде екі айға қамау шарасы белгіленді. Ол тергеу изоляторына жіберіледі", - деді ол.
Оның айтуынша, қорғау тарап сот шешіміне шағымдануды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Алматы полиция департаменті паблик әкімшісіне қатысты әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.
Полиция Енсебекті ұстап, оны уақытша ұстау изоляторына орналастырды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (174-бап "Әлеуметтік, ұлттық, ру, нәсіл, сословие немесе діни араздықты қоздыру") сәйкес, күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу қауіпімен бетпе-бет келуі мүмкін.