Бұған дейін облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 жастағы қала тұрғынының өлтірілуі фактісі бойынша жедел шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері 50 жастағы күдіктіні ұстады.
"Қарағанды облысы ПД тергеу тобы оны қамауға алды. Күдіктінің ауыр қылмыс жасауына себеп болған мотиві – ақша. Ер адам күш қолдану арқылы және пышақпен қорқытып, дүкеннің кассасын иеленуге тырысқан. Алайда сатушы қарсылық көрсетіп, нәтижесінде оған пышақ жарақаттары салынған, ол сол жарақаттардан қайтыс болды", – деп хабарлады ПД.
Қылмыс құралы – пышақ тәркіленді.
Өлтіру фактісі бойынша қала мен облыстың тәжірибелі полиция қызметкерлерінен арнайы тергеу-оперативтік топ құрылды. Істі ашу мен тергеу облыстық ПД және прокуратураның бақылауына алынды.
22 қаңтарда әлеуметтік желілерде дүкенде сатушы мен қарулы қарақшының күреске түскен сәті түсірілген кадрлар пайда болды, нәтижесінде сатушы өлтірілді. Жергілікті БАҚ мәліметтеріне сәйкес, әйелдің аты Гүлстан, жасы 27-де болған. Оның екі баласы бар.