Бұған дейін Алматыдағы ірі бизнес-орталықтардың бірінде интернет алаяқтарының офисі орналасқаны туралы хабарланған болатын.
"Алматыда полиция қызметкерлері криптовалюта және қор нарығына инвестиция жасау сылтауымен көрші мемлекет азаматтарын алдаумен айналысқан call-центрді жойды. 24 күдікті ұсталды, олардың бесеуі – шетелдік азаматтар. Офистен 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, ұсыныстар мен әлеуетті құрбандармен сөйлесу бойынша нұсқаулықтар бар блокноттар табылып, тәркіленді".Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Киберқұқықбұзушылықтарға қарсы күрес департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Қаныш Ашжановтың айтуынша, call-центр қызметкерлерінің міндетіне криптоинвестицияларға ақша салғысы келетін адамдарды іздеу және сендіру кірді.
"Телефон байланысы арқылы ауыстырылған нөмірлерді пайдаланып, осындай адамдарға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілді, олар арқылы кейін жәбірленушілердің жеке мәліметтері жинақталды. Содан кейін олардың ықпалымен азаматтар өз жинақтарын алдын ала дайындалған криптокошельктерге аударды".Қаныш Ашжанов
Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс тергелуде, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.