informkz.com

Астаналық тұрғынды ойыншық тапаншамен пранк жасағаны үшін 15 күнге қамады.

Астананың бір үйіндегі лифтте пранк ұйымдастырған тұрғын 15 тәулікке қамалды.
Жителя Астаны задержали на 15 суток за пранк с игрушечным пистолетом.

Іс 2025 жылдың 2 ақпанында Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

«Істің мән-жайларынан 29 қаңтарда Г. лифтте бола отырып, блогында видеоролик жариялау мақсатында, адамдарға қарай пистолетке ұқсас затты (сот отырысында заттың ойыншық пистолет екені анықталды) бағыттап, олардың реакциясын түсіру арқылы жанжал туғызды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Астаналық азамат видеоны әлеуметтік желілерде көңіл көтеру контенті ретінде жариялауды жоспарлағанын түсіндірді. Сот отырысы барысында ол кінәсін мойындамады және өзінің әрекеттерімен айналасындағыларға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғанын да қабылдамады.

Сот астаналық тұрғынды ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-тармағында көзделген "Кішігірім хулигандық" құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Астанада "пранк" жасап, қоғамдық тәртіпті грубо бұзған жастардың ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Олар тұрғын үйлердің лифттерінде жанжалдың инсценировкасын жасап, қаруға ұқсас затты көрсетіп, кездейсоқ куәгерлерді қорқытты.