Алдын ала алынған ақпаратқа сәйкес, жасөспірімдердің бірі аяғын мұздың бос жеріне түсіріп, соққы алды.
"Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, үшеуін де тексеру үшін құтқару станциясына жеткізді. Белгілі болғандай, жасөспірімдер 2012 -2013 жылдары дүниеге келген. Жарақат алған жасөспірімнің аяғын құтқарушылар тексеріп, кейін жедел жәрдем бригадасына тексеруге тапсырды", – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар әлсіз мұзға шығудың қауіптілігі туралы ескертеді. Мұздың сыртынан берік көрінгенімен, ол сынғыш болуы мүмкін, ал жасырын бос жерлер өмірге қауіп төндіреді. Ата-аналар балаларымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, су айдындарының маңындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруді ұсынады.
Бұған дейін полицейлер Петропавлда тротуарда ұстамасы болған ер адамға көмектесті.