informkz.com

Ақтауда мектеп оқушысының телефонмен төбелесті түсірген ата-анасы жазаланды.

Ақтауда полиция жұмыс күні көшеде төбелес шығарған мектеп оқушыларын тапты. Төбелеске екі адам қатысқан, ал тағы біреуі болған жайтты телефонға түсірген.
В Актау родителей школьника, который снимал драку на телефон, подвергли наказанию.

Осы орайда, Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, төбелескен жасөспірімдердің ата-аналарын ғана емес, олардың ұрыс-керісін телефонға түсірген баланың заңды өкілдерін де жауапкершілікке тартқан.

«Полиция қызметкерлері балалардың жеке басын анықтады. Олардың ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы "Тәрбие мен (немесе) білім берудегі, құқықтары мен (немесе) мүдделерін қорғауда, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындамау" бойынша хаттама толтырылды», – деп хабарлады полиция.

Оқиға 31 қаңтар күні қаладағы үшінші подрайонда орын алды.

Бұған дейін Казнетте Астанадағы балабақшада ата-аналардың төбелесін көрсететін видео таралған болатын. Кадрларда екі ана арасындағы сөз таласы бір-біріне соққы жасаумен аяқталғаны көрінеді.