Тергеу нәтижесінде анықталғандай, күдікті әріптесімен болған келіспеушіліктердің салдарынан жәбірленушінің автокөлігін тұрақтан ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Іздестіру шаралары барысында полиция Шымкент қаласында ұрланған автокөлікті тауып, оны заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта ер адамға қатысты алдын ала тергеу жүргізілуде және барлық мән-жайлар анықталуда", – деді полицияда.
Бұған дейін Алматы тұрғынының 90 миллион теңге тұратын үш автокөлігі ұрланғаны хабарланған болатын.