informkz.com

Месси қорғаушысы әлем алдында масқара болды.

Оқиғаның жазбасы вирустық сипатқа ие болды.
Охранник Месси стал объектом насмешек по всему миру.

Күлкілі эпизод Панамадағы «Спортинг Сан-Мигелито» мен АҚШ-тың «Интер Майами» арасындағы достық матч кезінде орын алды, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Интер Майами» командасында аргентиналық жұлдызды шабуылшы 37 жастағы Лионель Месси өнер көрсетеді. Онымен суретке түсу – әркімнің арманы, бірақ Мессиға «жақындау» оңай емес, себебі күзет әрқашан сақадай сай. Аталған матчта бір шебер фанат Мессиға жақындау үшін күзетті айналып өтуге болатындығын көрсетті.

2,5 миллионнан астам қаралым жинаған жазбада, матч кезінде жанкүйер күзетшінің қолынан сытылып шығып, құлап, өз өнерін басымен сырғанаумен жалғастырғанын көруге болады.

Легенданың күзетшісі есін жинай алмай жатқанда, жанкүйер Мессиға құшақтасуға үлгерді.

Бұрын, португалиялық тағы бір жұлдызды футболшы, 39 жастағы Криштиану Роналду мансабындағы 923-ші голын соқты.