Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде "Кәсіптік мерекелер тізімін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізу мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жаңа мерекелік күндер пайда болды:
- Қаржылық мониторинг органдарының күні – 28 қаңтар;
- Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
- Теміржол көлігі күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
- Тексеру-өлшеу құралдары мен автоматтандыру саласындағы қызметкерлер күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім қызметкерлері күні – 2 қазан;
- Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі;
- Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні – 10 қараша;
- Құқық қорғау жүйесі күні – 13 желтоқсан.
Сонымен қатар, аталған тізімнен Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні алынып тасталды, себебі бұл мерекелер 2024 жылдың 16 тамызындағы № 668 үкімет қаулысымен бекітілген.
Өткен жылдың желтоқсанында Қазақстанда бірқатар жаңа мерекелер пайда болатындығы туралы жазған болатынбыз.