«Менің қалам» басылымы 4 ақпан күні түскі уақытта Орал станциясында қайғылы оқиға болғанын хабарлайды.
Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл факті бойынша «Теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан» бабы бойынша алдын ала тергеу басталды. Мамандар қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты ведомство жарияламады.
Бұған дейін Қазақстанда жүк пойызының вагоны рельстен шығып кеткені туралы хабарланған болатын.