Трагедия 2 ақпанда Чаган өзенінде, Самал шағын ауданында орын алған. Аймақтық полиция департаментінің хабарлауынша, суға батып кеткен көліктен екі ер адамның денесі табылған, оларда зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
"Оқиғаның мән-жайы мен егжей-тегжейлері анықталуда. Денелер сараптамаға жіберілді", – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары тергеу мүддесінде басқа мәліметтерді жарияламады. Қаза тапқандардың денелерін сүңгуірлер шығарып алды, ал көлікті әлі де алып шығуға мүмкіндік болмады.
5 қаңтарда Семейде ұқсас оқиға орын алды: адамдармен бірге жеңіл автокөлік өзенге құлап кетті. Тек бір адам ғана аман қалды. Қалған үшеуі қаза тапты.