Желіде қыздардың арасында болған қатыгез ұрып-соғу оқиғасын бейнелейтін видео жарияланды. Tengrinews.kz тілшісі полицияның роликтегі қатысушыларды анықтағанын хабарлады.
Кадрларда бір қыз, жекпе-жек әдістерін пайдаланып, диванда отырған басқа қыздың бетіне қолымен, содан кейін аяғымен соққы жасап жатқаны көрінеді. Ұрып-соғу болып жатқан бөлмеде олардың бірнеше құрбысы бар, олар болып жатқанға куә болады, тек біреуі ғана ашулы құрбысын тоқтатуға әлсіз әрекет жасайды.
Келесі эпизодта қыз зардап шегушіні еденге лақтырып, қарсыласуын басып, тағы бірнеше соққы жасайды.
Бейне Павлодарда түсірілгені анықталды. "Барлық қатысушылардың жеке басы анықталды, олар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда," - деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Расталмаған ақпарат бойынша, видеоға жергілікті колледждердің бірінің кәмелетке толмаған студенттері түсірілген.