Портал "Лада" хабарлағандай, құқық қорғаушылар жедел тергеу жұмыстарын бастап, күдіктіні іздеуге кірісті. 30 минут ішінде бейнекамералардың көмегімен ықтимал қылмыскердің жеке басын анықтап, оның қаладағы қозғалысын бақылауға мүмкіндік туды.
Полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекенжайын анықтап, көрсетілген адреске жетті. Алайда, олар барған кезде оны мерт күйінде тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
“Оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы “Убийство” және 105-бабы “Доведение до самоубийства” бойынша алдын ала тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда”, – деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін, Уральск қаласында 25 жыл бұрын жасалған қос қылмыс ашылғаны хабарланған.