Еуропа елдері Ресей-Украина соғысы мәселесінде өздерінің басты одақтасы - АҚШ -пен күтпеген пікірталасынан кейін шешімдер қабылдады. Бұл туралы батыс бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды, Tengrinews.kz жеткізді.
«Еуропа Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беруге дайын», - деді Франция президенті Эммануэль Макрон.
«Париж бен Лондон Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері туралы жоспар әзірледі, оған әскери күштерді жіберу мүмкіндігі де кіреді», - деді Макрон.
Еуропалық әскерлердің бітімгер ретінде қолданылу перспективасы туралы айта келе, Макрон әскерлер «алдыңғы шепте болмайтынын, бірақ Украинада кепілдік ретінде болатынын» қосып айтты.
Франция президенті бұл туралы Вашингтондағы Дональд Трамппен кездесуден кейін журналистерге айтты.
Макрон сонымен қатар, мұздатылған ресейлік активтерді алып қою мүмкін еместігін, өйткені бұл халықаралық құқықты бұзады, деп атап өтті.
Ақ үйдің иесі Трамп та бірнеше мәлімдеме жасады.
Трамп журналистерге Владимир Путиннің Украинада еуропалық бітімгерлерді орналастыруына мүмкіндік беретін әлеуетті бітім келісімі аясында соғыс «бірнеше апта ішінде аяқталуы мүмкін» деп мәлімдеді.
Трамп сондай-ақ, Владимир Зеленскиймен «осы немесе келесі аптада» кездесуі мүмкін екенін, ал «9 мамыр - тым ерте» екенін растады.
Соғыс тоқтату келісімі аясында Украина территориясын беруі керек пе деген сұраққа Трамп: «Көрейік» деп жауап берді.
«Мен Украина өз жерінің бір бөлігін қайтара алады деп үміттенемін», - деп қосты Трамп.
Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп бұған дейін «конфликтіні шешкеннен кейін Украина қауіпсіздігін қамтамасыз ету Еуропа елдерінің міндеті болады» деп мәлімдеген.
Осы уақытта НАТО басшысы Рютте де Солтүстік Атлантикалық альянс Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын растады.
«Біз Украинаға қару, жабдық және оқу беріп қолдау көрсеттік. Украин халқының батылдығы мен табандылығы бүкіл әлемді шабыттандырады. НАТО Украинаға қолдау көрсетуді және алдағы сынақтарды жеңуге көмектесуді жалғастырады. Бұл соғыс әділ және берік бейбітшілікпен аяқталуы үшін», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы Украина бойынша Ресейді айыптаған резолюция қабылдады. Кейінірек БҰҰ-да екі резолюция қабылданғаны белгілі болды: екіншісі АҚШ-тың авторлығында, бірақ елеулі түзетулермен.
