Қазақстан ұлттық автомобиль жолдары операторының мәліметінше, Алматы – Талдыкорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы республикалық маңызы бар жолдың 615-967 км учаскесінде өткізу режимі ашылды.
"ТЖМ құтқарушылары көліктердің қауіпсіздігін бақылап, жүргізушілерге көмек көрсетіп, транспортты ілестірді", – деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Құтқарушылар жүргізушілерді абай болуға, ауа-райы жағдайларын ескеруге және жолда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін Абай облысында 200 автокөліктен тұратын колоннаның жолда тұрып қалғаны белгілі болды.