Дүниежүзілік WBO және IBF орта салмақтағы чемпионы қазақстандық Жанибек Алимханулы туған жерінде өтетін жекпе-жектің қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Caravan.kz.
ESPN мәліметтеріне сәйкес, 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешінде Алимханулы титулдарын француз Анауэль Нгамиссенге қарсы қорғауға шығатын болады. Алимханулы секілді француз да кәсіпқой рингте жеңілмеген. Дегенмен, қазақстандықтан айырмашылығы, Анауэльдің мансабында жоғары деңгейдегі жекпе-жектер болмаған.
Бұл ақпараттың ресми расталуы әлі жоқ. Бұған дейін Алимханулының Астанадағы жекпе-жегіне қарсылас ретінде жеңілмеген ағылшын Шакила Томпсон ұсынылған болатын.