Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі 28 қаңтар күні Көкшетауда болған оқиғаны хабарлады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"47 жастағы ер адам полиция басқармасына дене жарақатын алу туралы арызбен жүгінді. Зардап шеккен адам 28 қаңтар күні қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті алғанын айтты. Жол барысында жолаушы рұқсатсыз темекі шегуге кірісті. Жүргізушінің ескертуіне ол агрессивті түрде жауап берді."
Таксист сапарды тоқтатып, жолаушыдан шығуын сұрағаннан кейін, ер адам оған шабуыл жасап, дене жарақатын салды.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 109-1-бабы 1-бөлігі "Дене жарақаты" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.
2025 жылдың 16 қаңтарында Ақтөбедегі таксистер Жеңіс Бигалиев пен Айбек Құлов жоғары жүргізушілік мәдениеті үшін алғыс хаттар алды.