Нұр-Сұлтанда «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» («Мастерская академического письма») атты кітаптың таныстырылымы өтті, онда ғылыми мәтіндерді жазудың негізгі аспектілері жан-жақты қарастырылған.
Бұл басылымда академиялық мәтінмен жұмыс істеудің барлық кезеңдері — тақырыпты таңдаудан бастап, әдебиетті талдауға, сөйлем құрылымы мен ғылыми стильге тән терминологияны қолдануға дейін егжей-тегжейлі талданған. Сонымен қатар, кітапта академиялық мәтіндердің жанрлары жүйеленіп, олардың сипаттамалары, негізгі талаптары мен ұсыныстары берілген.
Кітап жоғары оқу орындарының кітапханалары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қорларына енгізіледі. Сонымен қатар, оның электронды нұсқасы Қазақстанның қоғамдық даму институтының ресми сайтында (kipd.kz) барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді.
Басылым Қазақстанның қоғамдық даму институты мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен дайындалды.