2025 жылдың 1 қаңтарына қарай жеке тұлғаларға берілген кредиттердің жалпы портфелі 24,1 трлн теңгеге жетіп, жылына 22,9%-ға артты. Бұл туралы бүгін Бірінші кредит бюросы ұйымдастырған жыл сайынғы Media Day пресс-конференциясында айтылды, онда өткен жылы кредит нарығында болған негізгі оқиғалар талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Кредит бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылдың басында кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша қарыз көлемі 11,7 трлн теңгеге жетті (+22,9% жылына). Келісімшарттар саны 15,7%-ға баяу өсіп, 31,5 млн бірлікті құрады.
Өткен жылы кепілсіз тұтынушылық кредиттер берудің көлемі 10,6 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15,8%-ға көп. Тіркелген келісімшарттардың саны 36,9 млн бірлікке жетіп (+14,3% ж/ж), келісімшарт бойынша орташа кредит сомасы 287 мың теңгені құрап, тек 1,3%-ға өсті, бұл тұтыну бағаларының өсуінен (8,6%) айтарлықтай төмен.
2025 жылдың 1 қаңтарына қарай ипотекалық портфель 6,7 трлн теңгеге жетіп, жылына 14,1%-ға артты. Келісімшарттар саны 9,9%-ға өсіп, 627,6 мың бірлікті құрады, ал қарыз алушылар саны 600 мың адамға жуықтап, жылдық есепте 10,3%-ға артты.
Ағымдағы ипотекалық портфельдің шамамен 60%-ы 2023 және 2024 жылдары берілген жаңа займдарды құрайды. Өткен жылы ипотекалық кредиттеудің айтарлықтай жандануы байқалды: тіркелген келісімшарттардың жалпы көлемі 2,2 трлн теңгеге жетіп (+27,8% ж/ж), займдар саны 18,9%-ға өсіп, 136,8 мың бірлікті құрады. Ипотека рәсімдеген қарыз алушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға артып, 134 мың адамды құрады.
2024 жылдың 1 қаңтарына қарай автокредиттер портфелі 3,6 трлн теңгеге жетіп, жылына 44,8%-ға артты. Келісімшарттар саны 591,2 мың бірлік, ал қарыз алушылар саны 559,2 мың адамды құрады. Екеуі де өткен жылмен салыстырғанда шамамен үштен біріне артты.
2024 жылы автокредит беру көлемі 1,8 трлн теңгеге жетіп, жылына 13,2%-ға өсті. Қарыз алушылар саны 214 мың адамға жетіп (+10,2%), ал келісімшарттар саны 228,4 мың бірлікке (+5,7%) жетті.
Бұған дейін біз жазғанбыз, Қазақстан азаматтарының проблемалы займдары көбейіп кеткенін.