informkz.com

2024 жылы КазТрансОйл бюджетке 41 миллиард теңгеден астам қаражат аударды.

Бұл 2023 жылдың деңгейінен 3% жоғары.
В 2024 году КазТрансОйл перечислил свыше 41 млрд тенге в бюджет.

2024 жылы «КазТрансОйл» АҚ-ның бюджетке төлеген салықтары мен басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы 41,3 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың деңгейінен 3% жоғары, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« Республикалық бюджетке ең жоғары төлемдер корпоративтік табыс салығы бойынша 11,1 млрд теңге және қосылған құн салығы бойынша 5,2 млрд теңге болды. Жергілікті бюджеттерге мүлік салығы – 10,1 млрд теңге, жеке табыс салығы – 8,1 млрд теңге, әлеуметтік салық – 6,5 млрд теңге төленді», - делінген компания хабарламасында.

Еске сала кетейік, жыл ішінде «КазТрансОйл» магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі 44 млн 887 мың тоннаны құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 699 мың тоннаға немесе 2%-ға артық. 2024 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарына - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-ға жеткізілген мұнай көлемі 16 млн 712 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 139 мың тоннаға артық. 2024 жылы Қазақстан мұнайының экспорты 17 млн 253 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың деңгейінен 635 мың тоннаға немесе 4%-ға жоғары.