Қазақстанға «Henan Agricultural Investment Capital Co. LTD» қытай компаниясының өкілдері келді. Олар бірлескен жұмыс үшін мүмкіндіктерді тереңірек зерттеуді және Қазақстан нарығының әлеуетін бағалауды жоспарлап отыр. Делегация мүшелерімен ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханулы кездескені туралы Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі хабарлады.
«Қытаймен сауда қатынастары жыл сайын нығайып келеді. Біз барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты белсендіруді қалаймыз», - деді Ермек Кенжеханулы.
Henan Agricultural Investment Capital Co. LTD-нің атқарушы директордың орынбасары Чэнь Хуайань компанияның қызметі туралы айтып өтті. Компания құрамында бидай, жүгері, соя, арпа, ет және тыңайтқыштар саудасымен айналысатын бес ұйым бар, олар Қытайда, Қазақстанда және Тайландта жұмыс істейді. Халықаралық сауданы кеңейту, соның ішінде арпа мен маша импортын дамыту бойынша шаралар қабылдануда.
Кездесудің соңында тараптар астық, арпа жеткізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты белсендіруге дайын екендіктерін білдірді.
2024 жылдың желтоқсанында жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров компания өкілдерімен кездескен болатын.