Вице-премьер Канат Бозумбаев ұлттық жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды модернизациялау» бойынша Жобалық офисінің алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ұлттық жоба инфрақұрылымдағы апаттылықты төмендетуге және коммуналдық қызметтердің үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда жылу, электр, су жабдықтау және кәріз жүйелерінде 87 монополист кәсіпорынның инфрақұрылымының тозуы 65-тен 100%-ға дейін жетіп отыр. Осылайша, Жобалық офис алдында инженерлік желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясының жаңа генерация көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеттері қойылды.
2029 жылға дейін коммуналдық желілерді модернизациялауға қажетті инвестициялар 6,8 трлн теңгені, электр энергиясын генерациялауға 6,2 трлн теңгені құрайды. БВУ, ұлттық даму қаржы институттары және халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаттары тартылатын болады. Табиғи монополиялар субъектілерін қаржыландыру механизмін құру, жеңілдетілген қаржыландыруға немесе субсидиялауға өтінімдерді қарастыру «НУХ «Байтерек» АҚ-ның міндетіне жүктелді. Жобаларды жүзеге асыру мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын бақылау «Казцентр ЖКХ» АҚ-на берілді.
Ұлттық жобада отандық өндірісті дамытуға ерекше көңіл бөлінді, 27 жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын құру арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 100%-дық жүктемесі қамтамасыз етіледі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі отандық тауар өндірушілер тарапынан өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің нақты тізімін әзірлеуді, біріңғай электронды сатып алу формасын іске қосуды және адал емес қатысушылардың тізімін енгізуді тапсырды.
Отырыста СУСН санатына қолдау шаралары да талқыланды. Төлем қабілетті халық коммуналдық қызметтерді әділ, нарықтық тарифтер бойынша төлеуі тиіс. Әлеуметтік осал топтар тарифтердің өсуінен автоматтандырылған тұрғын үй көмегі жүйесі арқылы қорғалатын болады. Профильді министрліктерге коммуналдық төлемдер бойынша рұқсат етілген шығындар шегін отбасылық кірістің 5%-ына дейін белгілеу, тұрғын үйдің ауданын, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын біріздендіру тапсырылды, бұл тұрғын үй көмегін алушылар санын арттыруға мүмкіндік береді.
«Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалар ең өткір мәселелердің бірі болып табылады және кешенді, жедел шешуді талап етеді. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге екі аптаның ішінде ұлттық жобаны жүзеге асыру бойынша егжей-тегжейлі Жол картасын Үкімет аппаратына енгізуді тапсырамын», — деді Канат Бозумбаев.
Вице-премьер ұлттық жобаны сәтті жүзеге асыру министрліктер, әкімдіктер және жеке сектор арасында тығыз ынтымақтастықты, сондай-ақ азаматтардың белсенді қатысуын талап ететінін атап өтті.
«Сонымен қатар, ұлттық экономика, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері, мәдениет және ақпарат министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар халық, бизнес-қауымдастығы, табиғи монополиялар субъектілері арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізулері қажет, журналистер үшін брифинг қаңтардың үшінші декадасында өткізілетін болады», — деп атап өтті Канат Бозумбаев.